1-тәсіл — қаражатты бөлімше арқылы төлеу Қажет құжаттар: • Жеке куәлік (төлқұжат, ықтиярхат, жеке басты куәландыратын өзге құжаттар); • «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС БИН; • Қарыз алушы микронесиесінің келісімшарт нөмірі; • Қарыз алушының ЖСН-і. Жеке басын куәландыратын құжат ұсынғанда кассирге төлем «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС микронесиесі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлау қажет. — Қаржы шотқа түскенге дейін чекті міндетті түрде сақтаңыз. — Төлеммен байланысты барлық шығынды қарыз алушы өзі төлейді. 2-тәсіл — қаражатты төлем терминалдары желісі арқылы төлеу — «Қазақстан Халық Банкі» (комиссиясы 350 ₸). — «КАССА 24» терминалдары (комиссиясы 1,2%, максимум 3 000 ₸). • Төлем жасау үшін қарыз алушының микронесие келісімшартының нөмірі қажет болады. • Қаржы шотқа түскенге дейін чекті міндетті түрде сақтаңыз. • Төлеммен байланысты барлық шығынды қарыз алушы өзі төлейді. 3-тәсіл — қолма-қол ақшасыз аударым немесе өзге банктердің бөлімшелері арқылы аударым «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС шотын қолма-қол ақшасыз аударым немесе өзге банктердің бөлімшелерінен аударым арқылы толтырғанда мынаны ескеру қажет. Қолма-қол ақшасыз аударым «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС-ның «Altyn Bank» АҚ ЕБ-гі шотына ғана түседі — реквизиттері мынадай: • Қабылдаушы — «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС; • «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ); • КБЕ: 15, БСН: 130440002721, БСК: ATYNKZKA, ЖСК: KZ699490001002617001, КТС: 429. — Қолма-қол ақшасыз аударымды микронесие бойынша төлем кестесіне сәйкес жоспарлы төлем күніне дейін 3 күн бұрын жүзеге асыру қажет; — «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» МҚҰ» ЖШС шотына қаражат аударуды жүзеге асыратын банктердің комиссия түрінде қосымша шығындары болуы мүмкін. — Төлем мақсаты ретінде қарыз алушының ЖСН мен микронесие келісімшартының нөмірін көрсету қажет. — Төлемге байланысты барлық шығынды қарыз алушы өз мойнына алады. 4-тәсіл — қаражатты онлайн аудару • Myhalyk.kz, Homebank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) қаржы порталдары арқылы — төлем бірден жасалады (комиссиясыз). • «ForteBank» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ (комиссиясыз) порталдары арқылы. • «Заңды тұлғаның шотына аудару» қызметі бар басқа банктердің порталдары арқылы (таңдалған банктің аударым үшін комиссиясы) — Төлем мақсаты ретінде қарыз алушының ЖСН мен микронесие келісімшартының нөмірін көрсету қажет. 5-тәсіл — кез келген банктің картасы арқылы онлайн төлеу (комиссиясы 1,9%) • біздің сайт арқылы • Toyota Финанс мобильді қосымшасы арқылы. — Төлем бірден түседі. — Қарыз алушының ЖСН мен микронесие келісімшартының нөмірін көрсету қажет.