Toyota компаниясы туралы ақпарат

TOYOTA ФИНАНС

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропа» компаниясының еншілес компаниясы. Компания 2008 жылы 20 мамырда Алматы қаласында құрылып, 2009 жылғы 1 қаңтарда өз қызметін бастады. Компания президенті Джон Эндрю Томсон мырза. Қазіргі уақытта қызметкерлердің жалпы саны 105 адамды құрайды.

Toyota компаниясының ресми дистрибьюторы болған «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС автокөліктердің, түпнұсқа қосалқы бөлшектердің және Toyota аксессуарларының көтерме саудасымен және жеткізумен, оларға кепілдік берумен шұғылданады, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан аумағында бренд маркетингі үшін жауапты.

Жоғары сапасының арқасында Toyota бренді Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында жұртшылыққа жақсы таныс әрі лайықты бағаланады. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС міндеті – тұтынушылардың барынша көңілінен шығуын қамтамасыз ету, сондай-ақ туындаған қиын экономикалық әрі нарықтық жағдайларда қазақстандық және қырғызстандық бренд клиенттерімен сенімді әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау.

Компанияның басқа артықшылықтарының қатарында Қазақстанда және Қырғызстанда үздік сату желісін жасау және сатудан кейін көліктерге техникалық қызмет көрсету де көзделген. Бүгінгі таңда Тойота ресми дилер желісінде он алты дилер орталығы қамтылған:

·        Алматы Тойота Орталығы, Жетiсу Тойота Орталығы және Алматы қаласындағы Тойота Сити

·        Астана Тойота Орталығы, Астана Тойота Сити және Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл Тойота Орталығы

·        Өскемен қаласындағы Шығыс Тойота Орталығы

·        Атырау Тойота Орталығы

·        Ақтөбе Тойота Орталығы

·        Қарағанды Тойота Орталығы

·        Павлодар Тойота Орталығы

·        Қостанай Тойота Орталығы

·        Орал Тойота Орталығы

·        Шымкент Тойота Орталығы

·        Ақтау Тойота Орталығы

·        Бішкек Тойота Орталығы

Сонымен бірге Қазақстанның Жаңаөзен қ., Ақсай қ., Қызылорда қ., және Тараз қ., төрт ресми сервис орталықтары жұмыс істейді. Барлық ресми Toyota дилер және сервис орталықтары бүкіл әлемде компания дилеріне қойылатын бірқатар қатаң талаптарға сай келеді. Toyota мен оның уәкілетті дилерлерінің бизнес жүргізу әдісінің негізінде үш S концепциясы жатыр. Бірінші S – меншік автосалон (Showroom), екінші S – заманауи сервис бекетінің болуы (Service Shop), үшіншісі – қосалқы бөлшектер қоймасының болуы (Spare Parts Shop).

Қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстан нарығында Toyota автокөліктерінің 8 моделі ұсынылған: Camry мен Corolla седандары; RAV4, Highlander және C-HR кроссоверлері; Land Cruiser 300, Land Cruiser Prado жол талғамайтын көліктері; Hilux пикапы, сондай-ақ Hiace микроавтобусы.

Компанияны алдағы болашақта дамыту мақсатында, ең алдымен Toyota брендін клиенттерге жақындата түсу, оларға ең соңғы автокөлік жетістіктерін ұсыну және олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру тұр.