ЭКОЛОГИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ

Автокөліктің қоршаған ортамен байланысы оның өмірлік циклының концепция мен жобалаудың әзірлемесінен бастап, қолдану және пайдалану қасиеттерінен айырылған автокөліктерді жоюға дейінгі барлық бөлігінде жүзеге асады.
Environmental Sustainability

Автокөліктің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы біз тыныстайтын ауаның химиялық құрамына, ғаламшардағы климаттың өзгеруіне жаһандық деңгейде кері әсерін тигізеді. Бұл әсерді қалай төмендетуге болады? – деген сұрақ бүгінде аса маңызды.

Қоршаған ортаға тиетін осындай әсерді төмендету – Тойотаның көп жылдар бойы қызмет етуінің басым бағыттарының бірі. Компанияның экологиялық саясаты болашақта жаһандық экономикалық ойлаудың негізі болатын тұрақты даму концепциясының бір бөлігі болып табылады. Жүз пайыз кәдеге жаратылатын, қоршаған орта үшін қауіпсіз автокөліктерді жасау – Тойота үшін жақын жылдардағы басымдыққа ие міндет.

Экологиялық мәселелерді талқылау көбіне ірі компаниялардың өз қызметінде қоршаған ортаға қамқорлық таныту мен тұрақты экономикалық өндірістік дамуды үйлестіре білудің қиын екендігіне келіп тіреледі. Бұл мәселедегі дәстүрлі позиция – компания бір уақытта осы мақсаттардың тек біреуіне жете алады, бірақ еш уақытта екеуіне бірдей жете алмайды. Қолдан келмейтін нәтижеге қол жеткізу –Тойотаның корпоративтік дәстүріне сай. Дәл сол себепті компания экономикалық және экологиялық көрсеткіштерді арттыруға талпынып, экологиялық бағытта қарқынды жұмыс істеуде.

ISO 14001 экологиялық сертификат

2011 жылдың қаңтар айында әлемге әйгілі SGS сертификаттау орталығы өткізген аудит нәтижесі бойынша, "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і (ТМКЗ) халықаралық ISO 14001 стандартының талаптарына сай келетін компания ретінде ресми сертификатталды.

ISO 14001 бұл қоршаған ортаны қорғауды көздейтін талаптарын компаниялар ерікті түрде орындауға міндеттелетін, мойындалған халықаралық экологиялық стандарт. Бұл стандарт компанияның қоршаған ортаға әсерін анықтау мақсатында компанияның экологиялық саясатын белгілеуді қарастырады, бұл компанияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырып, экологиялық нормативтерге сай болуына мүмкіндік береді.

Біз үшін Toyota компаниясының тобына кіретін әлемдегі барлық компаниялар сияқты, қоршаған ортаға әсерімізді төмендету қызметіміздегі басым баыттардың бірі болып табылады. Осыған орай, ISO 14001:2004 стандартының негізінде біз ТМКЗ компаниясының қоршаған ортаға әсер ету деңгейін анықтап, ондай әсерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін өзімізге тиесілі экологиялық менежмент жүйесін (ЭМЖ) әзірлеп, іске қостық.

ТМКЗ алған ISO 14001 сәйкестік сертификаты ТМКЗ компаниясының табиғи ресурстарды пайдалануын азайтып, өз қызметінің нәтижесінде пайда болған қалдықтарды басқару бойынша шараларды белсенді әрі сәтті қолданатынын растайды.

Біз, ТМКЗ өзіміздің қоршаған ортаға тигізген әсеріміздің Toyota/Lexus өнімінің барлық дистрибуция тізбегінде тек біздің өз қызметіміздің аясында ғана таралмайтынын түсінеміз. Сол себепті біз қоршаған ортаны қорғау бойынша жеткізушілер мен дилерлерді қоса алғанда, алтауы ISO 14001 стандартына сай сертификатталған серіктестерімізбен тығыз әріптестік қатынастамыз және біз бұл үрдіске барлық серіктестерімізді тарту жұмысын күшейтпек ниеттеміз.

Күнделікті қызметімізде біз, ТМКЗ, қоршаған ортамен үйлесімде тұрақты дамуға талпынамыз және өз қызметіміз арқылы теңгерімді тұрақты даму мен біз өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамды нығайтуға айтарлықтай үлес қосамыз деп күтеміз.

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-нің экологиялық саясаты

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і ("Компания") Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы Toyota және Lexus автокөліктерінің, қосалқы бөлшектерінің және аксессуарларының эксклюзивті дистрибьюторы, TOYOTA компаниясының тобына кіретін барлық ұйымдар секілді, қоршаған ортаны қорғауды табысты бизнестің ең маңызды факторларының бірі деп санайды және қоршаған ортаға қамқорлық танытудың әлем бойынша TOYOTA компаниясының тобы үшін ортақ қағидаларын қолдайды.

Компанияның қоршаған ортаны қорғау бойынша мақсаты Toyota және Lexus автокөліктерін, қосалқы бөлшектерін және аксессуарларын жеткізу және маркетинг бойынша жүргізілетін бизнес операцияларды үздіксіз жетілдіру арқылы Компания қызметінің жағымсыз әсерін барынша төмендету болып табылады.

Өз қызметінде компания келесі қағидаларды басшылыққа алады:

· қоршаған ортаны қорғау туралы қазақстандық заңнаманың және басқа да қолданылатын заңнаманың талаптарына сай болу; табиғатты қорғау бойынша талаптарды үнемі бақылау, талдау және олардың өзгерісіне өз уақытында назар аудару;
· TOYOTA-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарының талаптарына сай болу, Toyota-ның Еуропалық экологиялық саясатпен және Toyota-ның экологиялық хартиясымен (Toyota Earth Charter) ресми жарияланған қағидалар негізінде әрекет ету;
· ашық диалог арқылы қоғамның экологиялық мәселелері мен Еуро-5 стандарттарына сай жаңа автокөліктерді пайдаланудың артықшылықтары жөнінен хабардар болуын арттыру және өте жақсы экологиялық сипаттамаға ие көліктердің сатылымын кеңейту;
· табиғи ресурстарды, энергияны, материалдарды орынды пайдаланып, климаттың өзгеруінің салдарларын жеңілдету және биоалуандылықты қорғау үшін қалдықтарды бақылауда ұстау;
· апаттық және басқа күтпеген жағдайлардың туындау қатерін барынша төмендету, соған орай әрекет етуге дайындығы мен оның салдарының қоршаған ортаға әсерін жеңілдетуін тексеру.
· Қоршаған ортаға оң әсер етуді кеңейту;
· компанияның әр қызметкерінің мамандыққа даярлауын арттыру; бүкіл қызметкерлер құрамын қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқаруға қатыстыру; компанияның барлық бизнес-процестері барысында жауапкершілік пен өкілділікті қызметкерлер арасында айқын үлестіру;
· компанияның әрекеті қоршаған ортаға жасаған ықпалы жайлы талдау жасап; мәлімделген талаптарға сәйкестік бағалауын өткізу; іскери шешімдер қабылдау барысында талдау мен бағалау нәтижелерін ескеру;
· серіктестер мен контрагенттерді таңдау барысында компанияның қоршаған ортаны қорғау талаптарына олардың сәйкестігін ескеру;
· барлық мүдделі тұлғаларға қоршаған ортаны қорғау саласында компанияның әрекеті жайлы толық та өзекті ақпаратты беру; шектеусіз тұлғалар шеңберіне компанияның экологиялық саясатына еркін қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Осы Экологиялық саясат Компаниядағы экологиялық мақсаттарды бекітіп, қайта қараудың негізі ретінде қолданылады және экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жетілдіру мен оның нәтижесін жақсарту жолымен жүзеге асырылады, жеткізіледі және Компанияның барлық қызметкерлері үшін міндетті.
Кит Мэтью Симмонс
Президент
07 желтоқсан 2017 ж.

ТМКЗ Экологиялық Менеджмент Жүйесін қолдану аясы

Маркетинг, Toyota және Lexus тауарлық белгілерімен белгіленген автокөліктерді сату, көрсетілген маркалардың түпнұсқалық қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында сақтау және сату қызметтер.