Жалпы ережелер:
Өндіруші Toyota автомокөліктерінің, шанағының, лак-бояу жабынының, Toyota түпнұсқа қосалқы бөлшектерінің немесе аксессуарларының кемшіліктері, егер олар иеленушінің автокөлікті пайдалану (қолдану), сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзуынан, үшінші тұлғалардың әрекеттерінен немесе еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған жағдайда жауап бермейді.
Өндіруші Toyota автомкөліктерінің, шанағының, лак-бояу жабынының, Toyota-ның түпнұсқа қосалқы бөлшектерінің немесе аксессуарларының туындаған кемшіліктері үшін (соның ішінде) мына жағдайларда жауап бермейді:
• дистрибьютор, көлік иесі немесе Toyota автокөлігін пайдаланушы тұлға тарапынан уәкілдік берілмеген жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның көлік иесіне арналған нұсқаулық талаптарын бұзуы:
• Toyota-ның түпнұсқа емес қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын пайдалану;
• Дистрибьютор тарапынан уәкілдік берілмеген жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың тиісті біліктілігі болмауынан, ұқыпсыздығы мен зейінсіздігінің салдары;
• Toyota автокөлігін қолдануға қатысты көлік иесіне арналған нұсқаулық талаптарының сақталмауы
• Toyota автокөлігіне артық жүк тиеу немесе спорттық мақсатта, жарыстарға қатысу;
• Toyota автокөлігіне көлік иесі не үшінші тұлға қасақана немесе абайсыз жасаған әрекеттерінің (мысалы, электр жалғауларына және т.б. зиян келтіру) салдары;
• Су өткелдері мен басқа да су кедергісінен өтуде Toyota автокөлігінің тораптар мен агрегаттарының ішіне су кіріп кетуі;
• Toyota автокөлігінің модификациясын немесе оның конструкциясын өзгерту (бағдарламалық қамтуды, зауыт баптауын, электрон блоктары параметрлерін заңсыз өзгерту, қуатын өзгерту, көлік құралының конструкциясын және / немесе көлік құралы түрін өзгерту;
• Климаттық және физикалық жағдайлар нәтижесінде жарықтандыру құрылғыларының іші булануы;
• Автомобиль дистрибьютор уәкілеттік бермеген ұйымда қызмет көрсетілген жағдайдағы жөндеу немесе реттеу процесінде Toyota стандартталған рәсімдерін бұзу;
• Көлік иесіне арналған нұсқаулықта көрсетілген өндіруші белгілеген техникалық қызмет көрсету мерзімін бұзу.
Кепілдік мыналарға қатысты емес:
• Тек иесінің қалауы бойынша шығарылған және Toyota автокөлігінің, шанағының, лак-бояу жабындысының, Toyota түпнұсқа қосалқы бөлшектерінің немесе аксессуарларының кемшіліктерімен байланысты емес, Toyota түпнұсқа қосалқы бөлшектерін немесе аксессуарларын ауыстыру;
• Жарықша мен сызаттарды, тұз бен сұйықтықтардың әсерін, табиғи апаттарды қоса алғанда, сыртқы орта факторларының әсерінен туындаған шанақтың зақымдалуын немесе коррозиясын жою;
• Жол-көлік оқиғаларының немесе кедергілерге соқтығысудың нәтижесінде туындаған зақымдануларды, жол төсемінің ақауларынан туындаған зақымдануларды жою;
• Toyota автокөлігі бұзылған кезде және басқа көлікті жалға алу, қонақүйде тұру, алынбай қалған пайда және т.б. иесінің шығындары;
• Иесіне арналған нұсқаулықта көзделген Toyota автомобиліне жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді және / немесе қосымша техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін қажетті жұмыстардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың құны;
• Қозғалтқышты, дөңгелектерді бекіту бұрыштарын реттеу, тораптарды, бөлшектер мен агрегаттарды майлау және тазалау құны;
• Сүзгілер мен сүзгіш элементтерді, шамдарды, салқындататын және басқа да техникалық сұйықтықтарды, оталдыру және қыздыру білтелерін, балқыма сақтандырғыштарды, форсункаларды ауыстыру;
• Шыны тазалағыштардың щеткаларын, шиналарды, тежегіш қалыптары мен дискілерін / барабандарды, жетек белдіктерін, жетек дискілерін, амортизаторларды ауыстыру;
• Жылтырату, тазалау және коррозияға қарсы өңдеу құны;
• Көлік иесіне арналған нұсқаулықта баяндалған пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде қажеттілік туындаған тораптарды, бөлшектер мен агрегаттарды жөндеу, реттеу және ауыстыру;
• Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді және / немесе қосымша техникалық қызмет көрсетуді сирек (немесе ережебұзушылықпен жүзеге асырылған) жүргізуден, сапасы төмен немесе көлік иесіне арналған нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін отынды, жағармай материалдары мен техникалық сұйықтықтарды пайдаланудан туындаған жөндеу.
Қосымша:
— Кепілдік шиналарға қолданылмайды — шиналарға шина өндірушісі кепілдік береді;
— Кепілдік табиғи (қалыпты) шу мен дірілдің болуын / пайда болуын, табиғи тозуды (лак-бояу жабынының тозуы, түссізденуі және түсі кетуі, пайдалану процесінде ластанудың, тозудың және басқа да деформациялардың пайда болуын) өтемейді;
— Одометр көрсеткіштерін қолдан жасау / өзгерту немесе оны ауыстыру сияқты әрекеттер болса, кепілдікпен қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта тиісті түрде жазылмаған болса — нақты жүрісті белгілеу мүмкін болған кезде, Toyota автокөліктерінің ақауларын жоюды кепілдік өтемейді.